Банктер мен қаржы ұйымдары үшін бизнес-қосымшаларды енгізу

Банктер мен қаржы ұйымдары үшін «Инфосистемы Джет» компаниясы қызметтердің толық кешенін ұсынады – АТ-стратегияларын жасау және қолданбалы жүйелерді енгізуден корпоративті деңгейдің ақпараттық инфрақұрылымын құруға дейін.

«Инфосистемы Джет» компаниясының мамандары жүйенің front-office және back-office, интеграция шиналарын құруда үлкен тәжірибесі бар.

Бір жағынан банк бизнесін білу және түсіну және кешенді жобаларды жүзеге асыру бойынша үлкен тәжірибе мен жобаларды басқару мәдениеті басқа жағынан бізге күрделі ақпараттық жүйелерді сәтті енгізуге мүмкіндік береді.

Біздің тапсырыс берушіміз – бөлшек бизнесіне бағдарланған көп бөлімшелері бар ірі банк. Ол өз клиенттері туралы өзекті және сапалы ақпарат алуды және осы ақпаратты басқарудың заманауи ақпараттық құралдарына қызығушылық танытады.

«Инфосистемы Джет» компаниясы Oracle Siebel бағыты бойынша сертификатталған әріптес Oracle бірлестігінің CRM Мастер-әріптесі болып табылады және Business Intelligence and Data Warehousing бағыты бойынша Oracle компетенция орталығы мәртебесіне ие. Соңғы жыл бойынша Oracle өнімдерінің негізінде бизнес-қосымшаларды енгізу саласында оннан астам жобалар жүзеге асырылды.

Банктік технологиялар орталығының негізінде Oracle FLEXCUBE клиенттерін қолдау орталығы (ҚО) жұмыс жасайды, оның басты тапсырмасы Ресей және ТМД елдерінің территориясында FLEXCUBE автоматты банк жүйесін (АБЖ) қолдау. ҚО тобы Бангалорда (Үнді) оқыған және Oracle FLEXCUBE АБЖ енгізуде тәжірибесі бар «Инфосистемы Джет» компаниясының қызметкерлерінен және Oracle Financial Services Software өкілдерінен тұрады. ҚО жұмысын қамтамасыз ету үшін және компания территориясында клиенттер сұраныстарын қолдау үшін РФ ОБ талаптарына сай жергілікті Oracle FLEXCUBE жүйе нұсқасы жасалды.

Қызметтер

«Инфосистемы Джет» компаниясы мамандандырылған қолданбалы жүйелерді енгізу бойынша және оларды қолданбалы бизнес-қосымшалармен интеграциялау қызметтерін ұсынады:

  • АБС FLEXCUBE
  • CRM-жүйелері:
    • Oracle Siebel CRM
    • SAP CRM
  • Аналитикалық жүйелер мен деректер қоймасы:
    • Oracle Financial Services Applications қаржылық талдау жүйелері;
    • Oracle Mantas Anti Money Laundering
    • Oracle Reveleus тәуекелдерді басқару жүйесі;
    • Oracle Enterprise Performance Management (Oracle Hyperion өнімдік сызғышы);
    • Oracle Business Intelligence
    • SAP SEM, BW, BI
  • Банктік есеп беру;
  • Интеграциялық шешімдер мен тапсырыс бойынша жасаулар, сонымен қатар мынаның негізінде:
    • Oracle BPEL Process Manager
    • Oracle Enterprise Service Bus
    • Oracle Data Integrator

Басты әріптестер

  • Oracle
  • Oracle Financial Services Software (iFlex)
  • SAP және басқалар.

Борис Щербаков,
Oracle вице-президенті, ТМД бойынша Oracle бас директоры:

«Инфосистемы Джет» нарықта жылжу бойынша стратегия барысында белсенді және ретті болып келеді. Бұл ең алдыңғы қатарлы бағыттар бойынша зерттеуді дамытуға өз ықыласын үнемі білдіретін және тапсырыс берушілерге жаңа әрі ең жақсы шешімдерді ұсына алатын Oracle кәсіпқой топ-әріптестердің бірі болып табылады.

Тапсырыс берушінің бизнесін терең түсіну, ең алдымен қаржы секторында, тіл табыса білу және техникалық біліммен қоса біріккен топты құра білу сәттілікке апарады. Oracle негізгі технологиялар бойынша жобалардан бастаған «Инфосистемы Джет» бүгінгі таңда Oracle бизнес-қосымшалары мен өнімдерінің толық спектріне сүйене отырып, кез келген тапсырманы орындай алады».

Жобалар

КБ «Транспортный»

Кешенді жоба: Oracle Siebel CRM негізінде толық функционалды CRM-жүйе енгізілді, АТ-инфрақұрылымы жобаланды және құрылды, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі және басқа да техникалық жүйелер қатары жасалды.

«Транспортный» банкіндегі CRM-жүйесі барлық клиенттер туралы ақпараттың орталықтандырылған жинағын, олармен өзара әрекеттесу тарихын қоса отырып қамтамасыз етеді. Мамандардың жұмыс орындарын сату нүктелерінде және кол-орталықтары операторларының жұмысын автоматтандыру қызметкерлерге банк өнімдерін сатуға және клиенттерге кешенді ақпараттық қызмет көрсетуге мүмкіндік берді. Жүйе басқармаға стратегиялық шешімдерді қабылдауға қажет аналитикалық есептерді құруға ықпал етеді.

Толық функционалды CRM-жүйе қолданыстағы инфрақұрылымға интеграцияланған, айырбастау тек қана SOAP негізінде құрылған. back-office жүйелері мен web-сайттармен интеграцияланудан басқа, пошта қызметі мен сыртқы факторлар қатарларымен, әсіресе, Ресей мекен жайлар классификаторымен интеграциялау жүзеге асырылған (КЛАДР).

Жоба барысында сондай ақ банк өнімдерін алдын ала таңдалған клиенттерге қиылысты сатулар үрдісі автоматтандырылған. Клиенттер қорын сегменттеуге аранлған құрал ертінде Oracle Business Intelligence шешімі таңдалды.

«Инфосистемы Джет» компаниясының Қызмет ету орталығының мамандары 24х7 режимінде Банктің есептеу кешенін техникалық сүйемелдеумен қамтамасыз етеді.

Қайта құру және даму Орал банкі (ҚДОБ)

SAP CRM платформасында бөлшектеп саудалау біркелкі жүйесін құру

Бұл Ресейдің банктік секторында SAP CRM алғаш енгізу болып табылады.

Толық бағалы front-office шешімі жасалды. Оны енгізу банкке жеке тұлғаларға қызмет етудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба шеңберінде барлық бөлшек өнімдерін сату үрдістері автоматтандырылды, сонымен қатар, маркетингтік жоспарлау, бюджеттеу және маркетингтік науқанды жасау үрдістері автоматтандырылды. Банктің әр түрлі back-office, сонымен қатар, АБС, карталық процессинг, бағалы қағаздар және тағы басқа терең интеграция жасалды. Банктің бағалауы бойынша осы жоба қысқа уақыт ішінде орны толады. SAP CRM қолдану клиенттермен өзара қарым қатынастар сапасын клиенттік қорды дәл сегменттеудің арқасында және банк қызметтерін (адалдық бағдарламалары, қайта сатулар және тағы басқа) алдыға жылжытуды тиімдірек ұйымдастыру арқасында асыруға септігін тигізеді.

Юрий Миронов,
«ҚДОБ» ААҚ вице президенті:

«SAP CRM функционалын ҚДОБ бөлшек сауда біркелкі жүйесін автоматтандыру үшін енгізу – Ресей банк секторындағы осындай бірінші жоба. Жобаны сауатты басқару нәтижесінде, «Инфосистемы Джет» компанисының мамандары мен қызметкерлер біртұтас тобының жаттыққан жұмысының арқасында, кейде өте қиын және стандартты емес тапсырмаларды тиімді шешуге қол жеткіздік. Жасалған шешім жаңа мүмкіндіктерді клиенттермен өзара байланысу үшін қолдануға, бәсекеге жарамдылықты а йтарлықтай көтеруге және ең маңыздысы, өз пайдаланушыларымызға сапалы әрі қол жетімді қызметтер ұсынуға мүмкіндік берді».