Байланыс операторларына арналған корпоративті желістер мен желістік шешімдер

Желістік шешімдер орталығының (ЖШО) мамандары орындайтын жобалардың өзіне тән ерекшелігі олардың кешенділігі мен күрделілігі болып табылады: көптеген жағдайларда жобалар әртекті көп вендорлы жүйелер мен шешімдерді ықпалдастыруға байланысты болады. Бұл ретте мәселе тек желістік шешімдермен ғана шектелмейді – желістік және инфрақұрылымдық компоненттердің, бизнес-қосымшалардың (CRM, ERP және т.б.), мультимедиялық сервистердің (дыбыстық және бейне ақпаратты беру), желістік және ақпараттық қауіпсіздік кешендерінің және басқалардың жалпы интеграциясы орындалады.

Орталықтың мамандары әрбір нақты міндет үшін өзінің жеке шешімін табуға тырысады және тапсырыс берушілерге саланың жетекші өндірушілерінің өнімдерін қолдана отырып оңтайлы шешімдерді ұсынады. Осылайша, корпоративті тапсырыс берушінің кішігірім ЛЕЖ құрудан бастап, байланыс операторының ҚА/ХА желісімен қоса, кез-келген масштабты және күрделікті міндеттерді шеше алады.

Бүгінгі таңда Желістік шешімдер орталығында 60 жуық жклістік инженерлер мен жоба менеджерлері қызмет етеді. ЖШЛ қызметкерлерінің ұсынылатын шешімдерін әзірлеу және көрсетуге, сондай-ақ проблемалы жағдайлардың моделін жасауға арналған меншікті зертханалары бар.

Корпоративті тапсырыс берушілерге арналған шешімдер

Орталы желістік шешімдердің кең спектрін ұсынады:

  • локальды желістер;
  • бөлінген корпоративті желістер;
  • корпоративті телефон желістері, унификацияланған коммуникациялар;
  • шақыруларды өңдеу орталықтары;
  • бейнетелефония және бейнеконференц-байланыс;
  • xWDM оптикалық тығыздау жүйелері;
  • бөлінген корпоративті желістер трафигін бақылаку және оңтайландыру жүйесі.

Деректерді өңдеу орталықтарына арналған желістік және инженерлік инфрақұрылым:

  • кепілденген электр қорек жүйелері;
  • жалпы электр қорек жүйелері;
  • электрлік жарық беру жүйелері;
  • кондиционерлеу жүйелері;
  • күзет сигнализациясының жүйелері;
  • бейне бақылау жүйелері;
  • қолжетімділікті бақылау жүйелері;
  • төсемелі және кабельді арналар жүйесі;
  • кабель жүйесі;
  • серверлік желіс жүйелері.

Байланыс операторларына арналған желістік шешімдер

Орталық мамандары байланыс операторларына арналған шешімдер саласында терең сараптамаға, бай, тіпті теңдессіз тәжірибеге ие. Орталық өз клиенттеріне келесі шешімдер ұсынады:

  • DWDM/CWDM және SDH оптикалық желістер
  • WiMAX сымсыз желістері
  • Қала масштабындағы Ethernet желістері (Metro Ethernet)
  • IP/MPLS көлік желістері
  • NGN және IMS телефон желістері
  • Телефон желістерінің интеллектуалды қызметтері
  • Операторлық желістерде трафикті есепке алу және бақылау, талдауға арналған шешімдер (Deep Packet Inspection)
  • Mobile Backhaul

Қызметтер

Желістік шешімдер орталығы өз клиенттеріне ұсынады:

  • тапсырыс берушілердің бизнес талаптарына өндірушілер шешімін кастомизацияға және желістік инфрақұрылымға бизнес-талаптарды жасау саласындағы консалтинг;
  • тапсырыс берушінің келесі бағыттар бойынша инфрақұрылымының аудиті:
  • ақаулықтарды іздеу және оларды жою әдістемелерін жасау,
  • зерттелетін жүйелерді дамыту тұжырымдамаларын жасау және модернизация;
  • зерттелетін жүйелердің әлемдік немесе салалық стандарттар мен бизнес талаптарына сәйкестігі;
  • Желістік инфрақұрылымға байланысты операциялық шығындарды төмендету;
  • эскиздік, техник алық және жұмыс жобаларын жасау,
  • жоғарыда аталған шешімдердің бір немесе бірнешеуінен тұратын, кешенді жобаларды енгізу бойынша жұмыстардың толық циклі (монтаж, инсталляция, интеграция, тестілеу);
  • жобаның авторлық қадағалануы, жобаның орындалуын басқару, орындаушылардың техникалық үйлестірілуі;
  • іске асырылған жобалардың сервистік қолдауының әртүрлі нұсқалары, соның ішінде 24х7 тәулік бойы режимдер;
  • ЖШО ресурстарымен жобалық-зерттеу (R&D) жұмыстарын жүргізу;
  • жобаларды реттеу органдарында келісімдеу.

Негізгі әріптестер

  • Alvarion
  • Avaya
  • Chloride
  • Ciena
  • Cisco Systems
  • Genband
  • Microsoft
  • Riverbed
  • SYSTIMAX Solutions

Роберт Эйджи,
Cisco Systems вице-президенті:

«10 жылдан астам уақыт бойы біз «Инфосистемы Джет» команиясының мамандарымен бірге Cisco инновациялық шешімдері бойынша күрделі сараптаманы талап ететін, көптеген күрделі жобаларды іске асырдық. Компания күміс дәрежесін орап өтіп, бірден алтын әріптес дәрежесін алған санаулылардың бірі болды. Бұл «Инфосистемы Джет» компаниясының тәжірибе жинап, Cisco технологиялары бойынша жоғары біліктілікке ие екенінің айғағы. Біздің әріптестік қарым-қатынастарымыздың дамуына көңіліміз толады және болашақта да жемісті қызметтестікке және жаңа жобаларды табысты іске асыруға сенім білдіреміз».

Жобалар

«Қазақтелеком» АҚ

Ұлттық ауқымдағы жоба – Қазақстан Республикасында жаңа буынды желісі құру

Қазіргі уақытта Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында қалалық NGN-желістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 10 облыстық орталықтарын біріктірген, «Қазақтелеком» компаниясына арналған қалааралық NGN-желісі құрылған. Алматы қаласында NGN желісіне 160 мың абоненттік линиялар қосылған, Астана қаласында – 40 мың абоненттік линиялар, Қарағанды қаласында – 60 мың абоненттік линиялар бар. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы – 34 мың абоненттік линиясы бар желіс қолданысқа енгізілуде. Қара аралық NGN-желісіне бүкіл ел бойынша орналасқан 50 астам телефон станциялары қосылған.

Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына сәйкестік үшін жедел-іздестіру шараларын (ЖІШЖ) қамтамасыз ету бойынша шешімді сертификациялық сынақтаулар жүргізілген.

NGN-желістерінің қызмет ету уақыты аралығында Қазақстанда қалааралық нумерация жоспарын ауыстыру жүргізілді, оның барысында пайдалану құны мен өзгертулер енгізу қалыптасқан жылдамдығының тұрғысында салыстырғанда NGN-желісінің жұмысының анағұрлым тиімділігі бекітіліген. Бүгінде қалааралық трафиктің едәуір бөлігі NGN-желісіне көшірілген.

NGN технологиясын енгізу операторға ескірген телефон желістерін модернизациялауды жүргізуге, сөйлеудің бір минутын қамтамасыз ету шығындарын төмендетуге, желісті дамытудың келесі кезеңдерінде NGN-желістерін дамыту шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

Марат Әбілдабеков,
«Қазақтелеком» АҚ АТ жөніндегі бас директоры:

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ең ірі байланыс операторы болып табылады және Республиканың ақпараттық инфрақұрылымының жетілдірілуіне белсенді қатысады.

«Инфосистемы Джет» компаниясымен біз ұлттық ауқымдағы күрделі телекоммуникациялық жобаларды іске асырдық және әлі де жүзеге асырудамыз. Мұндай жаңа технологияларды қолдану бізге қалааралық және халықаралық байланыс сапасын түбегейлі түрде өзгертуге, желістің барлық клиенттеріне инновациялық қызметтер ұсынуға мүмкіндік берді. Осы жобалардың арқасында Қазақстан Республикасының көптеген тұрғындары заманауи телекоммуникациялық сервистерді пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізді. Біз «Инфосистемы Джет» компаниясының мамандарына олардың кәсіби шеберлігі, білікті жұмысы мен шешімдерді шешуге шығармашылық көзқарасы үшін алғысымызды білдіреміз. Осы компания қызметкерлері сенімділігімен және түпкі нәтиже үшін аянбай бар күшін жұмсауымен ерекшеленеді».

«Инфосистемы Джет» компаниясының техникалық мамандарының тікелей қатысуымен бірқатар жетекші операторлардың халықаралық және қалааралық желістері жобаланған және салынған.

Қазіргі уақытта осы желістерді сүйемелдеу, жоспарлы модернизация және қолдау орындалуда. Жалп алғанда, әртүрлі деңгейлі дыбыстық коммутацияның 15 түйіні монтаждалды, 500 000 жуық абоненттік линиялар қосылысы орындалды, сәйкес инфрақұрылымға түйіндер интеграциясы жүргізілді және жабдықтың тестіден өткізу мен пайдалануға берілуі сәтті аяқталды.