АТ-аутсорсинг, техникалық қолдау

«Инфосистемы Джет» компаниясы корпоративті деңгейдегі күрделі есептеу кешендері мен ақпараттық жүйелерге қызмет етуге мамандандырылған. Осы мақсаттарда 1993 жылы компанияда өзіндік Қызмет ету орталығы құрылды. Бүгін «Инфосистемы Джет» компаниясының Қызмет ету орталығы – бұл Ресей мен ТМД-дағы АТ нарығының ірі қызмет ету өнеркәсібі. Оның құрамында – жабдық өндірушілері мен бағдарламалық жасақ өндірушілерінің 1500 сертификаттарына ие 200-ден астам инженерлер мен әкімшілер бар. Сонымен қатар, ҚКроме того, Қызмет ету орталығында жобалардың білікті мамандары мен тәжірибелі диспетчерлер бар. Қызмет ету орталық персоналының жалпы саны – 250 адамнан астам.

Қызмет етуге сұранысты қабылдау тәулік бойы (24х7 режимінде) біркелкі диспетчерлік қызметімен байланыстың бірнеше арналарымен жүзеге асады. Тәулік бойғы пайдаланушыларды қолдау Қызмет ету орталығы ISO 9001:2000 сапа менеджмент халықаралық жүйесі бойынша сертификатталған. Қызмет ету орталығына келіп түсетін сұраныстар, сондай ақ оларды орындау үрдістері міндетті түрде тапсырыстарды орындауды бақылау және есептеу автоматтандырылған жүйесінде тіркеледі. Бұған қоса, тапсырыстарды есептеу жүйесінде тапсырыс берушілердің қызмет етілетін құрамдас бөліктерінің конфигурациялар қоры құрылған, Бұл әр түрлі АТ-инфрақұрылымдарының шоғырландырылған қызмет етуін олардың пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, орындауға мүмкіндік береді. Ағымдағы уақытта конфигурациялар қоры 140 000-нан астам элементтерден тұрады.

Қызмет ету орталығында тапсырыс берушілердің ақпараттық жүйелерін алыстан мониторинг жүргізу өзіндік Орталығы бар. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі BMC Software және HP бағдарлалық шешімдер негізінде жасалған. Мониторинг және әкімшілік ету қызметтері әр түрлі мамандандықтағы инженерлер мен әкімшілерден тұратын тәулік бойы арнайы қызмет ететін орталықпен көрсетіледі.

Қызмет ету орталығында тапсырыс берушілердің бағдарламалық-аппараттық кешендерінде пайда болатын қиын жағдайларды үлгілеуге арналған өзіндік техникалық зертхана бар. Зертхананың құрамында өнеркәсіп ауқымындағы серверлік және желілік жабдық, серверлердің кластерлік конфигурациялары, мамандандырылған басқару және қолданбалы бағдарламалық жасақ бар.

Бүгінгі таңда, Калининградтан бастап Владивостокқа дейінгі Ресей мен ТМД 80 қалаларында орналасқан 250 мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың жабдығы мен бағдарламалық жасақтарына қолдау көрсетілуде.

Мыналарға қызмет етілуде:

  • 8800 корпоративті серверлер;
  • 2500 дискті массив пен кітапханалар;
  • Желілік жабдықтың 4100 бірліктері;
  • High-End санатының 50 серверлері мен 50 массивтері;
  • 50 кластерлі кешендер.

ҚО орталық кеңсесі Мәскеуде орналасқан. Өзіндік инженерлік құрамы бар бөлімшелер жұмыс жасайды: сегіз – Ресей Федерациясының территориясында, сондай ақ Украинада (Киев қ.), Қазақстан Республикасында (Алматы қ.), Әзербайжан Республикасында (Баку қ.).

Әр тапсырыс берушінің техникалық қолдау мен АТ-аутсорсинг қызметтеріне жүгінуі ерекше болып келеді. Ақпараттық жүйенің тек қана бір құрамдас бөлігіне қызмет ету керек пен немесе бүкіл АТ-инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету керек пе, «Инфосистемы Джет» компаниясының Қызмет ету орталығы келісім шартта бекітілген жоғары сапалы қызмет ұсынуға дайын.

Нәтижесінде тапсырыс беруші мынаған қолжеткізеді:

  • бизнеске қажетті маңызды тапсырмаларға зейін қою мүмкіндігі;
  • АТ-инфрақұрылымды басқару бойынша өзіндік жұмыс көлемін азайту;
  • ақпараттық жүйелерді пайдалану кезіндегі қауіп қатерлерді азайту;
  • өзіндік АТ-қызметін ұстауға шығындарды оңтайландыру;
  • пайдалану және қаржы шығындарын болжалдау мүмкіндігі;
  • компания АТ-бөлімшесінің бизнес талаптарының өзгерулеріне тез әрекет ету және иілгіштігін қамтамасыз ету;
  • «Инфосистемы Джет» компаниясы қызметтерінің жоғары сапасының кепілдігі.

Қызметтер

Біз Тапсырмалар кең жиынтығын шешуге арналған қызметтер ұсынамыз – іске аспай қалған жабдықты жөндеуден толық функционалды аутсорсинг пен ақпараттық жүйелерге кешенді қызмет етуге дейін.

  • Жабдыққа және бағдарламалық жасаққа техникалық қолдау көрсету, сонымен қатар, мультивендорлы шешімдерді қолдау. Қызмет ету орталығының техникалық қолдау бағдарламалары көпжылдық сәтті жұмыстардың нәтижелері болып табылады. Олар жабдықтар мен бағдарламалық жасақты өндірушілерінің ұсынатын типтік қызметтерін кеңейтеді және дамытады. Қызмет ету бағдарламаларының өзекті элементтері жұмысқа қабілеттілікті қалыпқа келтірудің кепілдендірілген мерзімдері, ескерту мен ақауларды пробелсенді алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар, сондай ақ әр түрлі өндірушілердің жабдықтар мен бағдарламалық жасақтарының өзара әрекеттесу проблемаларын шешу.
  • Ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру, пайдалану және кешеді қызмет көрсету бойынша ИТ-аутсорсинг қызметі: есептеу қуаттылықтарын жалға беруден тапсырыс берушінің ақпараттық жүйелерінің деректерді сақтау және өңдеу орталықтарында құру және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге дейін.

Әріптестер

  • Sun Microsystems
  • Hitachi Data Systems
  • Symantec (VERITAS Software)
  • Brocade
  • Fujitsu Siemens
  • Network Appliance
  • EMC
  • Nortel
  • Cisco Systems
  • BMC Software
  • Oracle
  • SAP
  • HP
  • IBM және басқа.

Николай Умнов,
Ресей және ТМД сату бойынша аймақтық Brocade менеджері:

«Инфосистемы Джет» компаниясын 1997 жылдан бері білем. Жоғары технология корпоративті шешімдер нарығында топталған кәсіпқойлар тобы. Көңілге жағымды, ашық адамдар, тұрақты тату ұжым. Компанияны қызметкерлерді тұрақты оқытуға инвестиция салу мен сертификаттау ерекшелендіреді – Ресей мен ТМД бойынша мен білетін барлық танымал компаниялардың ішідегі сертификатталған Brocade қызметкерлерінің ең үлкен саны осы жерде шоғырланған.

Компания арсеналында – біздің компаниямызбен жасалған сату, қолдау және консалтинг бойынша әріптестік келісімдердің барлық жинағы, сонымен қатар, жұмыстың толық циклі – жобалау, енгізу және оқытудан бизнеске қажетті жүйелерді тәулік бойы қолдауға дейін».

«ВымпелКом» ААҚ

Ресей, Армения, Грузия, Қазақстан, Тәжікстан және Украинадағы компанияның АТ-жүйелерін көп сатылы қызмет көрсетудің ерекше бағдарламасы.

«МегаФон» ААҚ астаналық бөлімшесі (бұрынғы – «Соник Дуо» ЖАҚ)

Биллингті кешендердің АТ-инфрақұрылымына қызмет көрсету

Sun Microsystems, Hitachi Data Systems, IBM, Brocade және басқа да компаниялардың жабдықтарының 400 ден астам бірліктеріне қолдау көрсетілуде. «24х7 Операциялық қолдау» және «Экспресс-кепіл» бағдарламалары бойынша биллингтік жүйелердің жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешендеріне тиімді әрі сапалы қызмет көрсету ұйымдастырылды.

АйТи Энерджи Корпоративті Жобалар

Есептеу кешендерін техникалық қолдау

Жабдықтың 150 бірліктеріне қызмет көрсетілуде, оның ішінде: Sun Microsystems, IBM, Cisco, EMC.

Мәскеу қаласы бойынша ІІМБ

АТ-инфрақұрылымын және Мәскеу қаласы бойынша ІІМБ Кезекшілік бөлімінің Кешенді автоматтандырылған байланыс, бақылау және басқару жүйелерінің есептеу кешендерін техникалық қолдау және жүйелік жолдама.

Мәскеу қаласының әкімдігі

Мәскеу қаласы Әкімдігінің Қаржы-шаруашылық басқармасының Ақпараттық-технологиялық орталығының есептеу кешендерін техникалық қолдау және жүйелік жолдама.

«Лоялти Партнерс Восток» компаниясы

«Малина» пайдаланушылардың адалдық бағдарламасының кешенді ИТ-аутсорсингі

Ресейдегі алғашқы ИТ-аутсорсинг жобасындағы жүйені жобалау мен жабдық пен Бағдарламалық жасақты жалға беруден пайдалануды және дамуды жоспарлауды қамтамасыз етуге дейінгі барлық жұмыстар – компания-мердігер тарапынан біркелкі қызмет ретінде көрсетілген.

«Инфосистемы Джет» компаниясының Қызмет ету орталығы «Лоялти Партнерс Восток» компаниясының (компания «Малина» пайдаланушылардың адалдық бағдарламасын басқарады) адалдық бағдарламасының негізгі бизнес-функциясын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және қолдау бойынша АТ-бөлімшесі міндеттерін өз мойнына алды.

«М.Видео» компаниясы

Сыртқы ДСӨО орналастыру, аутсорсингке «М.Видео» компаниясы ERP-жүйесінің серверлік кешеніне қызмет ету мен әкімшілік етуді жіберу.

Игорь Веселов,
«М.Видео» компаниясы АТ бойынша операциялық директоры:

«Инфосистемы Джет» компаниясымен бізді ұзақ уақытты әріптестік қарым қатынастар байланыстырады. Ынтымақтастық уақытында компания өзін тиімді әріптес ретінде ұсынды.

Клиенттің ыңғайын табу қасиетін ерекше атап өткен жөн: біздің бизнес спецификасына көңіл аудару, қызметкерлердің кәсіптігі, "баға/сапа» қатысты тиімді шешім ұсыну, тапсырмаларды орындаудағы тез әрекет ету – «Инфосистемы Джет» компаниясының бетке ұстар мақтанышы. Біздің барлық өтініштеріміз назарсыз қалмайтынын біз білеміз. Серверлік кешенді аутсорсингке жіберу және жетілдіру өз қызметімізді оңтайландыруға, бизнес тапсырмаларды орындауға өз зейінімізді қоюға және ең бастысы, бизнес тиімділігін арттыруға септігін тигізеді».