Компексті жоба

Компания іске асыратын барлық жобалардың үштен бір бөлігінен артығы кешенді болып табылады – бұл ірі қолданбалы ақпараттық жүйелерді жасау, құру, пайдалануға енгізу және қамтамасыз ету бойынша жобалар. Мұндай жобаларды орындау орындаушылар тарапынан да, тапсырыс берушінің тарапынан да жобаның барлық қатысушыларының, жұмыла жұмыс жасауын талап етеді. Бұл басқарудың мүлдем жаңа деңгейін білдіреді: бас менеджер мен бас конструкторы бөлінеді, ал басқару командасы жекелеген бағыттар немесе міндеттер бойынша бірнеше жоба менеджерлері мен конструкторларынан тұрады. Осындай жобаларды басқарудың бірегей технологиясы – «Инфосистемы Джет» компаниясының басты ерекшелігі.

«Мосэнергосбыт» ААҚ

Ақпараттық жүйелерді модернизациялау бағдарламасы

2007 жылдың қыркүйек айында «Мосэнергосбыт» ААҚ электр энергиясы нарығының жаңа шарттарында «Мосэнергосбыт» ААҚ жұмысының тиімділігін арттыру, тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге бағытталған АЖ модернизациялау бағдарламасын іске асыру туралы шешімді қабылдады. Осы бағдарлама аясында «Инфосистемы Джет» компаниясы жобалар кешенін орындады:

  • «Энергия өткізуші компанияның төлем жүйесі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін – «ЭӨКТЖ» ААЖ құру;
  • жаңа автоматтандырылған Байланыс орталығын құру;
  • Байлданыс орталығының жұмысына Клиенттермен қарым-қатынасты басқарудың автоматтандырылған жүйесін (CRM-жүйесін) енгізу;
  • АТ-инфрақұрылымын модернизациялау, Sun Microsystems компаниясының BlackBox шешімі негізінде Деректерді өңдеудің мобильді орталығын (ДӨМО) құру;
  • АТ-қызметтерді басқару жүйесін құру;
  • ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құру.

Қазіргі уақытта барлық жүйелер жасақталған және өнеркәсіптік немесе тәжірибелік-өнеркәсіптік қолданыста тұр. Ақпараттық жүйелердің иодернизациясының кешенді бағдарламасын басқару үшін жобаларды басқару бойынша біртұтас команда құрылды, оның құрамына «Мосэнергосбыт» ААҚ басшылары, функционалды тапсырыс берушілер, АҚ Департаментінің қызметкерлері және «Инфосистемы Джет» компаниясының қызметкерлері кірді.

Мәскеу қ. бойынша ІІББ

Қоғамдық Тәртіпті Қорғау Тірек Пункттерінің қызметін қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ТҚТП АЖ)

ТҚТП АЖ учаскелік уәкілетті қызметтердің қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін тиімді орындауын қамтамасыз етуі үшін құрылған. Жүйе учаскелік уәкілетті қызметкерлердің өзінің қарамағындағы аумақтағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін орындауы процессінде оқиғаларға, жағдайлар мен қылмыстарға әрекет етуді басқару механизмдерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Учаскелік уәкілетті милиция қызметін қолдаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (УУМҚҚ ААЖ) Мәскеу қаласы бойынша ІІББ учаскелік уәкілетті милиция қызметінің ұйымдық-құрылымдық тік сызығының төрт деңгейінде белгіленетін аумақ бойынша бөлінген ақпараттық жүйені білдіреді, олар келесі шағын жүйелерден тұрады: орталық жүйе (қалалық деңгейі), округтің жүйелер (әкімшілік округ деңгейі), аудандық жүйелер (қалалық деңгейі), округтік жүйелер (әкімшілік округ деңгейі), аудандық жүйелер (аудандық деңгейі), төмен деңгейлі жүйелер (ТҚТП деңгейі).

Мәскеу бойынша барлығы 800 астам жұмыс орындары орнатылды.

УУМҚҚ АЖЖ тәртіпті қорғаудың тірек пункттерінің мультисервистік желістеріне (ТҚТП МСЖ) негізделеді. МСЖ жүйенің инфрақұрылымдық міндеттерін шешеді, атап айтқанда: УУМҚҚ ААЖ құрамды бөлімдері арасындағы деректердің берілуін қамтамасыз ету үшін жауап береді, сондай-ақ учаскелік уәкілетті қызметкерлердің ІІББ басқа бөлімшелерімен телефон байланысын қамтамасыз етеді.

«Майл Ордер Сервис» ЖАҚ (ТМ Quelle)

АТ-инфрақұрылымның аутсорсингі және құрылымы бойынша кешенді жоба

АТ-инфрақұрылымының жобалануы және бұрынғы құрылымды толы ауыстыру жүргізілді, тапсырыс берушінің АТ-жүйесінің пайдаланылуы аутсорсингке алынды.

Жаңа АТ-инфрақұрылымын құру туралы шешім 2008 жылы қабылданды. Небәрі екі айдың ішінде «Инфосистемы Джет» компаниясының мамандары тапсырыс берушінің бизнесінің жоспарланған дамуын ескере отырып, ақпараттық жүйенің құрылу және енгізілу жобасының іске асырылуын жүзеге асырды. Құрамына 50 астам серверлер мен 14 инфрақұрылымдық және бизнес-жүйелері кірген жаңа инфрақұрылымды тікелей тарату ең қысқа мерзімде – 27 жұмыс күні аралығында жүргізілді.

Сервистердің қолжетімсіздігінің уақытын барынша азайту мақсатында серверлік кешен миграциясы 2 демалыс күні аралығында жүргізілді. Барлық кезеңдерді алдын ала модельдеу және мұқият өңдеу арқасында миграция процедурасы елеуі қателіктерге жол бермей орындалды және нақты межеленген уақытта аяқталды. Пайдаланушылық деректердің 1,6 Тбайт астам мөлшері көшірілді.

Жобаның келесі кезеңінде АТ-инфрақұрылымын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша барлық әкімшілік және техникалық функциялар тапсырыс берушінің АТ-қызметінен аутсорсерге - «Инфосистемы Джет» компаниясына тапсырылды. Техникалық қызмет көрсету, жұмыс қабілетінің мониторингі және ақпараттық жүйенің жүйелік әкімшілігі 24х7 режимінде жүзеге асырылады.