Есептегіш комплекстер мен деректер сақтау жүйесі

«Есептеу кешендері, деректерді сақтау жүйелері және өңдеу орталықтары» бағыты - «Инфосистемы Джет» компаниясының 1991 жылы құрылған сәтінен бастап негізгі әрі ең ежелгі бизнес-бағыты болып саналады.

Талай жылға жемісті еңбек нәтижесінде жинақталған бірегей тәжірибе компанияға тапсырыс берушінің бизнесінің ерекшеліктерін және оның даму бағдарларын, сондай-ақ ақпараттық технологиялар дамуының жалпы үрдістерін ескеретін, сенімді жоғары технологиялық шешімдерді құруға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс тапсырыс беруші-компанияның дамуының шамасына оның міндеттерінің өзгеруіне қарай іске асырылатын шешімді дамыту және модернизациялауға мол мүмкіндіктер бере отырып, шешімдерді жасау және қолдауға жұмсалатын шығындарды оңтайластырады.

«Инфосистемы Джет» компаниясының осы саладағы негізгі активтері кәсіби шебер мамандар мен клиенттердің сенімі болып табылады.

Бүгінгі таңда бағыт бойынша әртүрлі ауқымдағы және мақсаттағы жүйелерді құрудың мол тәжірибесі бар, жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамалардың әлемдік өндірушілерімен сертификатталған, 50 астам жоғары классты мамандар жұмыс жасайды. Әртүрлі бағыттағы мамандар мен қосалқы мердігерлерден тұратын жобалық командада тиімді әрекеттесуді ұйымдастыра отырып, компания тапсырыс беруші үшін жауапкершіліктің жалғыз негізі бола отырып, Деректерді, есептеу кешендерін, деректерді сақтау жүйелерін өңдеу орталығы бөлігіне кешенді шешімдерді іске асырады.

Тапсырыс берушілердің сенімі – бастапқыдан-ақ ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынастарды орнатуға бағытталған, компанияның тағы бір негізгі активі. Соның нәтижесі іспеттес – қазіргі көптеген клиенттермен қызметтестік 5 жылдан астам уақыт бойы жалғасын тауып келеді. «Инфосистемы Джет» компаниясының активіндегі «Есептеу кешендері, сақтау жүйелері және деректерді өңдеу орталықтары» бағыты бойынша іске асырылған жобалар 800 астам.

Шешімдер

  • Деректерді сақтау және өңдеу орталықтары – негізгі, резервтік, бөлінген
  • Қолжетімділігі жоғары ақаулыққа төзімді кластерлік жүйелер, ақпараттық сервистердің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шешімдер
  • RISC-серверлер, Blade-серверлер және стандартты архитектура серверлерінің базасындағы есептеу ресурстарын қолдануды оңтайландыру, консолидациялау және виртуализациялау бойынша шешімдер
  • Деректерді сақтаудың консолидацияланған жүйелері, деректерді локальды және территоиалды бөлінген ДӨО сақтау желісі, сақтау ресурстарын виртуализациялау бойынша, сондай-ақ деректерді сақтаудың иерархиялық моделін құру бойынша шешімдер
  • Виртуальды кітапханалар мен деректердің дедупликаицясы технологияларын қолдана отырып, деректерді резервке көшіру және қалпына келтіру жүйелері
  • Деректерді сақтау желістерін және жүйелерін, есептеу кешендерін басқару және оларға мониторинг жүргізу жүйелері
  • ERP, СRM, BI/DSS, АБС және т.б. класының қолданбалы жүйелеріне арналған сенімділігі жоғары кешенді инфрақұрылымдық шешімдер
  • Тірек инфрақұрылымы бойынша шешімдер – қызметтік, желістік және басқа сервистер
  • Кең аялы міндеттерге арналған терминалды шешімдер

Қызметтер

  • Деректер базасын басқару жүйелері, сақтау жүйелері және есептеу кешендерінің негізгі жүйелерін оңтайландыру және аудит жүргізу
  • Тапсырыс берушінің АТ-инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамаларын жасау
  • Төтенше жағдайларда АТ-сервистерін қамтамасыз ету стратегияларын әзірлеу және енгізу. Апаттық қалпына келтіру жоспарларын әзірлеу және енгізу, тапсырыс берушінің АЖ аудиті, қатерлерді талдау, тәуекел карталарын жасау, деректерді өңдеу және сақтаудың резервтік орталықтарын жасау және қызмет көрсету (соның ішінде аутсорсинг).
  • Тапсырыс берушілердің жаңадан жасалатын және бұрыннан қызмет ететін жүйелері үшін жобалық және пайдалану құжаттамаларын жасау.
  • АТ-инфрақұрылымын дамытуды жоспарлау (capacity planning) – ДСЖ және серверлік кешендердің параметрлерін есептеу және жоспарлау, масштабталуды бағалау.
  • Деректердің, қолданбалы жүйелердің, жалпы есептеу кешендерін, соның ішінде сервистерді ұсынуды үзбей жоспарлау және көшіруді жүргізу бойынша қызметтер.

Әріптестер

  • Brocade
  • EMC
  • Hitachi Data Systems
  • IBM
  • Network Appliance
  • Oracle
  • Sun Microsystems
  • Symantec и др.

Жобалар

«ВымпелКом» ААҚ

АТ-қызметтерді ұсыну үздіксіздігнін қамтамасыз ету стратегияларын әзірлеу және енгізу

Масштабы мен бюджеті бойынша бұл әлемдегі АТ-қызметтерлің үздіксіздігін қамтамасыз ету және апаттан кейін қалпына келтіру бағдарламаларының ең ірісі.

АТ-қызметтерін қалпына келтірудің жалпы стратегиясы жасалған, жасалған стратегияның іске асырылуын қамтамасыз ететін, техникалық шешімдер жобаланған және енгізілген:

  • Бизнес үшін маңызды барлық жүйелер мен қосымшалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге арналған резервтік есептеу орталығы (РЕО);
  • Деректердің 35 Тбайттан астам синхронды репликациясын қамтамасыз ететін, DWDM технологиясы негізіндегі РЕО мен басты есептеу орталығы (БЕО) арасындағы жоғары жылдамдықты аймақтық бөлінген желіс. Желіс сонымен қатар, SAN-IP-желістер арқылы БЕО және РЕО байланыс құралы ретінде және РКЖ (Резервтік көшіру жүйесіне) дупликациялау үшін қолданылады;
  • желістік жабдықтарды және магистральдарды (2000 порттан астам) толық дубляждап, БЕО-РЕО сақтаудың жаңа бөлінген желісі (SAN);
  • 2,5 Пбайт астам деректердің жеке және виртуальды таспалық кітапханаларын сақтаудың жиынтық сиымдылығын қамтамасыз ететін, 300 астам серверлерге резервтік көшірудің таратылған жүйесі;
  • ең негізгі бизнес-қосымшалардың (биллинг жүйесі, CRM, ERP және т.б.) үздіксіз қызмет етуіне арналған 20 астам бөлінген кластерлер.