Компания туралы

«Инфосистемы Джет» компаниясы ақпараттық технологиялар (АТ) нарығында 1991 жылдан бастап қызмет етеді. Ресейлік АТ-нарығының қалыптасу кезеңдерін – АТ өзіндік «әшекей» саналған бастапқы кезеңнен бастап, компанияның табысы мен дамуы өндірістік процесстерде, компанияны және оның бизнесін басқаруда қолданылатын ат деңгейімен анықталатын бүгінгі таңға дейін – бұл жолды «Джет» өз клиенттерімен бірге өтті.

Біздің қызметіміз коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді дамыту үшін сенімді негізді қалыптастыруға, олардың қызметінің пәрменділігін арттыруға бағытталған.

Өз қызметін корпоративті деңгейлі АТ-инфрақұрылымын құрудан бастаған, «Инфосистемы Джет» компаниясы біртіндеп өз құзыретін кеңейте отырып, бүгінде тапсырысшылардың бизнесінің салалық ерекшеліктерін ескеретін, мамандандырылғандармен қоса, шешімдер мен қызметтердің бай портфеліне ие кең профильді жүйелік интегратор болып табылады. әртүрлі бөлімшелер құзыретінің синергиясы, ішкі ақпараттар мен біліммен алмасудың тиімді ұйымдастырылуы, дамыған аймақтық желіс бізге ірі интеграциялық жобаларды, соның ішінде ел ауқымындағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

«Жергілікті» қалыптастырылған шешімдердің сенімді қызмет етуін қамтамасыз ету және оларды қолдау деңгейін көтеру мақсатында біз аймақтық кеңейтудің белсенді саясатын жүргіземіз. Бүгінде Компанияның Ресейде 6 аймақтық кеңсесі бар, олар: Владивосток, Екатеринбург, Краснодар, Нижний Новгород, Новосибирск, Санкт-Петербург қалаларында орналасқан. Қазақстанда, Әзірбайжанда және Украинада өкілдіктер ашылған. Сонымен қатар, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Армения және Грузияда бірқатар жобалар жүргізілуде.

Компания өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар мен сертификаттарға ие, соның ішінде РФ Техникалық және экспорттық бақылау жөніндегі Федералды қызметтің, Ресей ФҚҚ, РФ Мемлекеттік стандартының, РФ Қорғаныс министрлігінің, РФ Федералды энергетикалық комиссиясының, АТБ құрылыс жұмыстарына рұқсат туралы куәлігін және бірқатар басқа да құжаттарға ие. Компанияның сапаны басқару жүйесі 2004 жылдан бастап ISO 9001:2000, ал 2009 жылдан бастап ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкестікке сертификатталған.